Sunday, 24 November,2024

Шахтадағы жарылыстан аман қалған кеншілердің жағдайы белгілі болды

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Костенко шахтасындағы жарылыстан аман қалған 10 кенші ауруханада жатыр. Қарағанды ​​облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев олардың жағдайы туралы айтып берді, деп хабарлайды Uaqyt.info.

"10 зардап шеккен адам медициналық мекемелерде бақылауда, олардың жағдайы орташа және жеңіл дәрежеде. Зардап шеккендерге қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр", - деді әкім.

Естеріңізге сала кетейік, шахтадағы алапат жарылыстан 46 кенші көз жұмған болатын. Қайғылы апат туралы Uaqyt.info бұған дейін бірнеше материал жазды.

Ұсынылатын