- Басты жаңалықтар
- Шоу-бизнес
- “Шегі қатқанша күледі”. Бауыржан Ибрагимов дөкейлердің көңілін қалай көтеріп жүр?
“Шегі қатқанша күледі”. Бауыржан Ибрагимов дөкейлердің көңілін қалай көтеріп жүр?
Белгілі актер, сатира саңлағы Бауыржан Ибрагимов “Уақыт көрсетеді” бағдарламасына берген сұхбатында өмірдегі жаңалықтары мен өнердегі естеліктерімен бөлісті, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Бұл туралы Бауыржан Ибрагимов журналист Нұрсейіт Жылқышыбайдың Youtube-тегі “Уақыт көрсетеді” бағдарламасына берген сұхбатында айтты. Онда актер талай дөкейлердің кештерін жүргізіп, дастархандас болғанына тоқталған. Оның айтуынша, сырттай сұсты көрінетін шенеуніктер күлкіге келгенде алдына жан салмайды екен.
“Шегі қатып күледі олар. Таза күледі. Күлкіге келгенде олар рахаттанып тұрып күледі. Баяғыда Қайрат Мами Жоғарғы Соттың төрағасы болып тұрғанда мені соттың үлкен бір мерекелік кешіне шақырған. Мен шешенді ойнаймын ғой. Сонда ішін ұстап тұрып күледі. Ол кісілер де енді ет пен сүйектен жаралған адамдар ғой. Дастарханда ол кісілер өте қарапайым. Мысалы, Нұрсұлтан Әбішұлымен де дастархандас болдық. Сонда Нұрекең Сараға шәй құйғызып қоятын. Етті қолмен жегізетін”, - деді Бауыржан Ибрагимов.
Бұдан бөлек Бауыржан Ибрагимов өнердегі інілері туралы да пікір білдірді. Оның ішінде Тұрсынбек Қабатовқа жеке тоқталды.
“Олар сын көтере алмайды. Олар сынды тек бір ағымда ғана қабылдайды. Қабатовты актер емес дегенім, ол оқымаған. Кәсіби актер емес. Ол- КВН-щик. Егер мен архитектураны бітіріп, өнерді хобби ретінде алып жүрген болсам, мен өзімді актермін деп қалай айтам?! Біз өнер академиясын бітірген адамдармыз, дипломымыз бар. Кәсіби маманбыз”, - деді Бауыржан Ибрагимов.
Сұхбаттың толық нұсқасын Youtube-тегі “Уақыт көрсетеді” бағдарламасынан көре аласыздар.