Friday, 22 November,2024

Шегірткеге қарсы күрес жұмыстарына 3,8 млрд теңге бөлінді

Uaqyt.info
Фото pixabay

Республикалық бюджеттен шегірткелерге қарсы күрес жұмыстарына 3,8 млрд теңге бөлінді, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Ауыл шаруашылығы министрлігі таратқан мәліметке сүйенсек, биыл зиянкестер 1.6 млн гектар аумақты жайпап кетуі мүмкін. Осыған байланысты өңір-өңірде жедел шатабтар құрылып, мамандар қызу жұмыс істеп жатыр.

“Аумақтарды өңдеуге мамандандырылған техника, оның ішінде жер үсті және әуе көлігі жұмылдырылатын болады. Бүгінгі таңда Түркістан облысында мароккалық шегіртке дернәсілдерінің пайда болғаны анықталды. Аймаққа пестицидтер толығымен жеткізілді. 8-9 сәуірде өңдеу іс-шараларын бастау жоспарланып отыр, - делінген хабарламада.

Ұсынылатын