Sunday, 24 November,2024

Шекарадағы сұмдық: Владислав Челахтан ісін қайта қарауға үздіксіз өтініш түсіп жатыр

Алмас Абылай
Фото Ашық ғаламтордан

15 адамды өлтірді деп өмір бойына сотталған Владислав Челахтан мемлекеттік органдарға жылда ісін қайта қарау бойынша үздіксіз өтініш түсіп жатыр, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бұл туралы КТК жазды. Дерекке сүйенек, еліміздің Бас әскери прокуратуры он жыл бұрын сотталған шекарашаның арызында еш жаңа дерек жоқ, сол себепті оны қайта қарауға да негіз жоқ деп кері қайтаратын көрінеді.

"Бізге жыл сайын Челахтан арыз түседі. Жаңа бір дерек, дәйектерді көрсете ме деп, оны жанжақты қарастырамыз. Алайда ол ескі деректерді жазып жатыр, іс бойынша жаңалық жоқ. Мұнда мәселе кейбір психологиялық ерекшеліктермен байланысты болуы мүмкін. Белгіленген тәртіп бар, мезгіл сайын куәландыру жүргізіледі, оның шағымдары органдарға жіберіледі. Сараптама оны психикалық тұрғыдан сау деп тапты", - дейді ҚР Бас әскери прокуроры Дастан Сәкенов.

Еске салайық, 2012 жылдың мамыр айында қазақ-қытай шекарасындағы "Арқанкерген" заставасында 14 шекарашы мен бір орманшының мәйіті табылған болатын. Бірнеше күннен кейін сарбаз Владислав Челах ұсталды. Тергеу мәліметінше, Челах алдымен сарбаздарды атып, кейін казарманың түгін қалдырмай өртеп жіберген. Сот шешімімен Челах өмір бойына бас бостандығынан айрылып, жазасын Қостанайдағы түрмеде өтеп жатыр.

Ұсынылатын