Семейде ауыр жүк көлігінің тіркемесі жас жігітті мерт қылды
Алмас Абылай
Фото
Семейде “КамАз” тіркемесі ажырап кетіп, соның салдарынан 20 жастағы ер адам көз жұмды, деп хабарлайды Уақыт.кз.
Абай облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, қайғылы оқиға 24 наурызда болған. Семейдегі көшелердің бірінде келе жатқан ауыр жүк көлігінің тіркемесі ажырап кетіп, жол жиегінде тұрған адамды қағып кетеді.
Соның салдарынан 20 жастағы жас жігіт оқиға орнында көз жұмды. Аталаған дерек ҚК 345 бабы 3-бөлігі (көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуының абайсызда адам өліміне әкеп соғуы) бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.