Sunday, 24 November,2024

Семейде әжетханадан төрт жастағы баланың денесі табылды

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Семейде жол бойындағы әжетханадан төрт жастағы баланы денесі табылды, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Алдын-ала мәлімет бойынша баланы ата-анасы күтушіге қалдырып кеткен. Алайда олар үйіне оралғанда төрт жастағы баласы жоқ болып шыққан. Оның мәйітін күтушінің күйеуі сөмкеге салып, қала шетіндегі әжетханаға лақтырған көрінеді. Әзірге бүлдіршіннің неден көз жұмғаны белгісіз.

“Төрт жасар бала өлімі фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары қолға алынды. Қазіргі уақытта күдікті ұсталды. Қылмыстық іс бойынша бірқатар сот-медициналық сараптама тағайындалды. Оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған іс-шаралар кешені жүргізілуде”, - деп хабарлады Абай облыстық Полиция департаментінен.

Ұсынылатын