Sunday, 8 December,2024

Семейде ер адам мысық өлтіргені үшін жауапқа тартылды

Uaqyt.info
Фото pixabay

Семейде 26 жастағы ер адам мысық өлтіргені үшін 90 сағаттық қоғамдық жұмысқа тартылды, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Polisia.kz медиа-порталының жазуынша, 26 жастағы жігіт түн ортасында темекі шегу үшін подьезге шыққан. Сол кезде мысықтың баспалдаққа дәрет сындырғанын көріпті. Мақұлықтың бұл әрекеті ұнамаса керек, ол дереу мысықтың соңынан қуып, ұстап алады. Ашуланғаны соншалық, аюуанды әбден тепкілеп өлтіріп тастайды. Ер адамның бұл әрекеті бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Сот отырысында ол кінәсін толық мойындап, өлген мысықтың иелерінен кешірім сұрады. Бүгінгі күні сотталған адам Семей көшелерін тазалап, жазасын өтеп жүр.

“Ер адам Абай облысы бойынша ҚАЖД-ға қарасты Орталық ауданының пробация қызметіне есепке алынды. Қоғамдық жұмыстарды орындау үшін жергілікті атқарушы органға жіберілді. Оған жазаны өтеудің шарттары мен тәртібі түсіндірілді”, – делінген хабарламада.

Ұсынылатын