Семейде Ертіске құлап кеткен 7 жасар бала көз жұмды
Uaqyt.info
Фото pixabay
Семейде өзенге құлап кеткен баланың мәйіті табылды, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Семей облыстық ТЖД мәліметінше, қайғылы жағдай 21 сәуірде болған. Баланың суға құлағаны туралы ақпаратты 112 пультіне куәгерлер түсірген. Оқиға орнына келген құтқарушылар 7 жастағы баланың денесін бүгін таңертең тапты.
"21 сәуірде өзен жағасында ойнап жүрген 2016 жылы туған бала суға құлап кеткен. Іздестіру-құтқару жұмыстары басталып, бүгін сағат 09:45-те ұл баланың денесі табылды. Оны өтіп бара жатқандар оқиға орнынан 15 шақырым жерде Ертіс жағасынан тауып алған", - делінген хабарламада.