Thursday, 17 April,2025

Семейде көпірдің жақтауы құлап, қала халқы интернетсіз қалды

Uaqyt.info
Фото ашық дереккөзден

Семейде қатты желдің әсерінен көпірдің жақтауы құлап, қала тұрғындары интернетсіз қалды, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Оқиға 12 наурызда болған. Қатты желге шыдас бермеген көпірдің қоршауы оптикалық байланыс желілерін зақымдаған.

Соның салдарынан қала халқы интернетсіз қалып, жүргізушілер әбігерге түсті.

Қазір апат болған жерде қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

“Семей қаласы әкімдігі апат салдарынан "Қазақтелеком" АҚ-ның оптикалық байланыс желілері зақымдалғандықтан интернетке қосылу әзірге мүмкін емес. Жақын арада интернет жұмысы қалпына келтіріледі”, – делінген хабарламада.

Ұсынылатын