Семейде мектеп оқушысы тамаққа қақалып өлді
Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден
Семейдегі мектеп-интернатта оқитын 15 жастағы оқушы тамаққа қақалып көз жұмды, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Абай облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, жасөспірім жедел жәрдем келгенше, жан тапсырған. Оқушының өліміне қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
“Осы дерек бойынша Әуезов полиция бөлімі сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады, оның шеңберінде тиісті сот сараптамалары тағайындалды. Істің мән-жайларын зерттеудің жан-жақтылығын, толықтығын және объективтілігін қамтамасыз етуге бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр”, - деді баспасөз қызметіндегілер.