Семейде “полицейлер” қарттардың 24 млн теңгесін қолды еткен
Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден
Семейде өздерін полицейміз деп таныстырған алаяқтар қарттардың 24 миллион теңгесін қолды қылды. Олар зейнеткерлерге баласының жол апатына түскенін айтып, қомақты қаражатты қалталарына басып отырған, деп хабарлайды Uaqyt.info.
“Оларға телефон арқылы қоңырау шалып, қызы немесе ұлының жол апатына түскенін жеткізеді. Жалған полицейлер баласын босату үшін ақша талап еткен. Бұған сенген тұрғындар ақшаны курьерлерге береді”, - дейді облыстық ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Шалқар Құнанбаев.
Осы дерек бойынша тәртіп сақшылары 19 жастағы күдікітін ұстап, уақытша ұстау абақтысына қамады. Қазір оның сыбайластары іздестіріліп жатыр.