Saturday, 5 October,2024

Семейде үш жасар бала бес қабатты үйдің терезесінен құлап кетті

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Семейде көпқабатты үйдің терезесінен үш жастағы бала құлап кетті. Тәртіп сақшылары ата-аналарға балаларды қараусыз қалдырмауға кеңес береді, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Абай облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, бала терезеден құлаған кезде анасы асүйде жүрген. Бүлдіршін ойнап отырып, терезеге орнатылған тормен бірге жерге топ ете түскен. Оқиға орнына келген жедел жәрдем баланы облыстық ауруханаға алып кетті.

“Баланың үйде анасымен бірге болғаны, ал ол құлаған сәтте анасының ас үйде жүргені анықталды. Бүлдіршін терезенің алдына орындық қойып, оған орнатылған арнайы тормен бірге жерге құлап түскен”, - деді баспасөз қызметіндегілер.

Ұсынылатын