Семейде жүкті әйел тоқтап қалған лифт ішінде босанған
Семейде жүкіт әйел лифт тоқтап қалған сәтте ішінде босанды, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Оқиға 3 қыркүйек күні облыстық перинаталдық орталықтың №1 ғимаратында болған. Бірақ ақпарат әлеуметтік желіде тек бүгін жарияланды. Жүкті әйелдерді акушердің сүйемелдеуімен жүкті әйелдер патологиясы бөлімшесінен перзентханаға ауыстыру кезінде осындай жағдай болыпты. 2-ден 4-ші қабатқа көтеріліп келе жатқан лифт кенет тоқтап қалған. Шұғыл түрде қызмет көрсететін ұйымнан лифтші шақырылды, ол келіп, бірден лифтті жөндеуге кірісті. Лифт ішінде толғағы келген жүкті әйел және перинаталдық орталықтың тәжірибелі акушеркасы болған. Акушеркаға әйелді лифтте босандырып алуға тура келді. Салмағы 3460 грамм ұл бала асқынусыз дүниеге келген.
Әйел адам екінші күні нәрестесімен қанағаттанарлық жағдайда үйіне шығарылды. Оның перинаталдық орталыққа ешқандай шағымы жоқ.