Monday, 25 November,2024

Семейдің әкімі өрт болған аумақтан ақпарат таратуға келген тілшілерге кедергі келтіріп жатыр

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатов ақпарат алуға келген тілшілерді өрт болған аумаққа өткізбей жатыр, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бұл туралы журналист Диас Нұрақын өзінің Facebook-тегі парақшасында жазды.

“Абай облысының әкімдігі өрт болған аумақтан ақпарат таратуға кедергі келтіруде. Біздің (КТК телеарнасының) түсіру тобымызды жалын шарпыған аумаққа жібермей жатыр екен. КТК, 31 және Еуразия арнасының тілшілерін көзіме көрсетпеңдер депті Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатов.

Бұл БАҚ туралы заңды бұзу, журналистің өз қызметтік міндетін атқаруға кедергі келтіру болып саналады.

Айналайын Абайдың атқамінерлері, тілшілермен емес тілсіз жаумен алысыңдар! Әлде тағы бірдеңені былықтырып, соны жұрттан жасыру үшін журналистердің жолын кесіп отырсыңдар ма?

Жаркын Тусупбекулы  мына мәселені облыс әкіміне жеткізші. 15 адам өліп, халық Семей жақтан хабар күтіп отырғанда, Нұрбол Нұрсағатовтың бұл қай сасқаны??? Әлде біздің арнадан ала алмай жүрген өші бар ма екен???”, - деп жазды журналист.

Кейіннен журналистің бұл жазбасына Абай облысы әкімінің кеңесшісі Жарқын Түсіпбек жауап берді.

Журналистерді өткізеді, алаңдамаңыздар, - деп жазды облыс әкімінің кеңесшісі.

 

 

 

 

 

Ұсынылатын