Семейлік оқушылар ауа райына байланысты онлайн формақта ауысты
Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден
Семейде оқушылар қашықтан оқыту форматына көшірілді. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Uaqyt.info.
«2023 жылдың 6 желтоқсанында Семей қаласында ауа райының қолайсыздығына (қатты жел) байланысты 1-ші ауысымдағы 1-9 сынып оқушылары үшін сабақ қашықтан оқыту форматына көшірілді», - делінген әкімдік таратқан хабарламада.
Төтенше жағдайлар департаменті сондай-ақ күннің бұзылуына байланысты Семейде 1-9 сыныптар, Абай ауданында 1-11 сынып, Бородулиха ауданында 1-11 сынып, Бесқарағай ауданында 1-8 сыныптарда сабақ тоқтатылғанын хабарлады. Сабақ қашықтан жүргізілетін болады.