Sunday, 24 November,2024

Сенен мұндайды күтпедім... Депутат Нартай Аралбайұлы кімді алдап жүр?

Алмас Абылай
Фото Ашық ғаламтордан

Мәжіліс депутаты, журналист Нартай Аралбайұлының басы дауға қалды. Оны жобасындағы дәйекке байланысты сынға алған, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Белгілі тілші Жанар Бейсемізова депутатты қатты сөккен. Сөзінше Нартай кезекті жобасын өзі тапқандай жұртқа жария еткен. Ал шындығында кейіпкер Жанардыкі көрінеді. Осы әрекетіне ол күйініп отыр.

"Нартай, "Шетелдегі қазақ балалары" жобасынан көріп, сұхбатқа шақырдым, деп айтсаң аузың қисайып қала ма?! Немесе, ШҚБ көрсетті десең де болатын еді ғой. Бір ауыз сөз ғой, айналайын-ау! Афишаға Сабинаның бағдарламадағы сұхбат берген жерін кесіп, фото қойыпсың. Басқа басқа сенен мұндайды күтпедім. Жалпы, мен қазіргі БАҚ, журналистерді түсінбей кеттім", - деп жазады Жанар.

Артынша бұл мәселе пікірлер арасында талқыланған. Онда да Нартай кейіпкерді өзі тапқанын және Жанардың жобасына мүлде қатысы жоғын жазады.

Десе де жобаның басты суретінде депутат сөзі шындықпне жанаспай тұр.

Ұсынылатын