Thursday, 19 September,2024

Сенген қойым сен болсаң... Шымкентте полицей адам қағып өлтірді

Uaqyt.info
Фото

Шымкентте анасы мен қызын қағып кеткен полиция қызметкері қамауға алынды, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Тұран АПБ-ның жүргізуші-полицейі жаяу жүргіншілер өткелінде екі адамды қағып кетті. Жол-көлік оқиғасы 3 тамызда болған еді. Алған жарақаттан қызы мен анасы ауруханаға түсіп, әйел 7 тамызда жансақтау бөлімінде есін жимастан көз жұмды.

Бұл дерек бойынша ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігі бойынша іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ал тәртіп сақшысы уақытша ұстау абақтысына қамалған.

"Сондай-ақ қызметтік тексеру нәтижесінде тәртіп сақшысы Ішкі істер органдарынан босатылғанын хабарлаймыз. Қазір ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстық іс материалдары айыптау актісімен бірге сотқа жолданады. Айта кетейік, тергеу барысы полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Қайрат Далбековтің қатаң бақылауында", - делінген полиция таратқан хабарламада.

Ұсынылатын