Saturday, 23 November,2024

"Сенің өмірің тек сенің ғана қолыңда". Хиджап киген әнші Айдана Меденова енді жұртқа уағыз айта бастады

Алмас Абылай
Фото instagram.com/aidanamedenova_officialpage/

Әнші Айдана Меденова оқырмандарына енді ақыл айта бастады. Тіпті әлеуметтік желідегі сан түрлі мотивация беретін цитаталар кез-келген адамды әрекетке жетелегенмен, нәтижелі ететін Жаратушы дегенді алға тартуда, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Әнші өз ақыл-кеңесін әлеуметтік желіде жариялады. Бейнежазбада ол қоғамдағы түрлі мотивациялар сізді нәтижеге қол жеткізе алмайды дегенді айтқан.

"Баяғыда сондай сөздерді естігенде қанаттанатынмын. Бірақ қазір сол сөздердің қауіпті жағы бар екен. Өйткені сіз нәтиже күтесіз, орындалмаса уайымға берілесіз. Тым қатты өзіңе сеніп, мақсатқа жетуге талпынасың. Бірақ ойдағыдай болмаса күйзелесің. Осы жерде айта кетейін. Біздің әрекетіміздің нәтижесі тек Алладан. Сондықтан тек жаратушыға сеніп, уайымсыз, қиналмай өмір сүрсек бәрі болар еді. Біз әрекет етушіміз. Дегенмен адамдар өз мақсатын алдын ала болжап соған жете алам дейтіндей құдіретті емес қой. Сондықтан бәрін тек Алладан күтейік", - дейді әнші.

Десе де желідегі жұрт оның бұл кеңесіне түрлі пікір қалдыруда. Бірі оның бұл сөздерін сынға алса, енді өзгелері қолдайтынына тоқталған.

@aidanamedenovaa

Сіздер қалай ойлайсыздар?💕

♬ оригинальный звук - ✨Aidana Medenova✨

Ұсынылатын