Сепаратизмді насихаттаған 18 адам жауапқа тартылды – Бас прокуратура
Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден
Солтүстік Қазақстан облысында сепартизмді насихаттап, Қазақстаннан бөлінеміз деген ұйым мүшелері жауапқа тартылды. Олардың іс-әрекеттеріне қатысты арнайы сараптама тағайындалған, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Бұл туралы Бас прокурордың орынбасары Жандос Өмірәлиев мәлімдеді. Оның айтуынша, Петропавлдағы "Народный совет трудящихся" ұйымының үстінен ҚК 180-бабының 2-бөлігі (Бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалана отырып, адамдар тобында сепаратизмді насихаттау) бойынша қылмыстық іс қозғалған.
Олардың кеңселері мен үйлерінде тінту жұмыстары жүргізілген. Жандос Өмірәлиев істі болған 18 адамның іс-әрекеттері сараптамадан кейін бағаланады дейді.
"Сараптаманы Әділет министрлігінің қызметкерлері жүргізеді, одан кейін әрбір қатысушының әрекетінің біліктілігі бойынша қорытынды шығаруға және бұлтартпау шарасын таңдауға болады", - деді Жандос Өмірәлиев.