Сербияда тағы да қырғын: 21 жастағы жігіт 8 адамды атып өлтірді
Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден
Сербияның Младеновац елді мекенінде жантүршігерлік оқиға болды. 21 жастағы қаскөй 8 адамды жер жастандырып, 13 адамға зақым келтірді, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Ria.ru басылымының жазуынша, Урош Б есімді жігіт мектептің ауласында болған теке-тірестен кейін полицей мен оның әпкесін атып өлтірген. Оқиға орнынан қашып кеткен ол көліктен оқ жаудырып, Младеновац елді мекеніндегі ауылдардың біріне жасырынған. Қазір 21 жастағы қаскөйді ұстау жұмыстары жалғасып жатыр. Ал ел билігі бұл қылмысты теракт деп атады.
Айта кетейік, бұл Сербиядағы соңғы 48 сағат ішіндегі екінші жантүршігерлік жағдай. Осыған дейін 14 жастағы бала мектепке қару әкеліп, 8 адамды атып өлтірген болатын. Uaqyt.info бұл туралы жазды.