Monday, 9 December,2024

Серік Күдебаев елден қашып кетті деген ақпар тарады

Алмас Абылай
Фото Ашық ғаламтордан

Қаңтар оқиғасы бойынша сотты болған Алматы облысы полиция департаментінің экс-басшысы Серік Күдебаев елден қашты деген ақпар тарады деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бұл туралы Nege.kz жазды. Дерекке сүйенсек, ол осы күнге дейін ауыр жүрек ауруын себеп қылып ауруханада жатқан. Соған байланысты бірнеше рет сот отырысы кейінге қалды. Енді бұрынғы полиция басшысы елден қашып кеткені айтылуда.

"Сенімді дереккөздің хабарлауынша Серік Күдебаев қашып кеткен. Үкім бір ай бұрын жариялануы керек еді, бірақ ол жүрек ауруымен ауруханаға жатты. Осылайша елден жылыстауға жоспар құрған. Алдымен Қырғыстанмен шекарадан кедергісіз өтіп, кейін Өзбекстанға, одан әрі чартермен Солтүстік Кипрге қашып кетуі мүмкін. Тіпті Бауыржан Байбекпен шәй ішіп отырған да болар. Елорда да бұл мәселе бойынша қатты шу басталды", - делінген ақпаратта.

Еске салайық, бұған дейін Серік Күдебаев 3-сәуірге жоспарланған сот отырысына тағы келмеуі себебінен кейінге қалған еді.

Ұсынылатын