Saturday, 23 November,2024

Серік Күдебаевтың шекараны заңсыз кесіп өтуіне жағдай жасаған төрт адам қамауға алынды

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Қазақ-қырғыз шекарасын заңсыз кесіп өткен Серік Күдебаевқа көмек көрсеткен төрт адам ұсталды, деп хабарлайды Uaqyt.info.

24.kg басылымының жазуынша, Алматы облысы ПД бұрынғы басшысы Серік Күдебаев қазақ-қырғыз шекарасын заңсыз кесіп өтіп, Манас әуежайы арқылы Түркияға ұшқан.

Ал оның бұл әрекетіне көмек көрсеткен Шекара қызметкері және тағы үш адам қамауға алынды. Олар Күдебаевтың Қырғызстан аумағына келуін заңдастырған. Әскери прокуратура олардың үстінен қылмыстық іс қозғап, тергеліп жатқанын мәлімдеді.

Айта кетейік, Серік Күдебаев Қаңтар оқиғасы бойынша айыпталып, 10 жылға сотталған болатын.

Ұсынылатын