Серік Күдебаевтың соты күдіктінің келмеуіне байланысты кейінге шегерілді
Алмас Абылай
Фото
Алматы облысы Полиция департаментінің бұрынғы бастығы Серік Күдебаев сотқа келмей қойды, деп хабарлайдым Uaqyt.info.
Бұл туралы Жетісу облыстық сотының баспасөз қызметі хабарлады. Ондағылардың айтуынша, Күдебаевқа қатысты сот отырысы 3 сәуірге белгіленген.
"Сотталушының сот отырысына келмеуіне байланысты сотталушының дәлелді себептерін растайтын мәліметтер жоқ. Соған байланысты Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 157 және 335-баптарына сәйкес сот Күдебаевты көрсетілген уақытқа мәжбүрлеп әкелу туралы қаулы шығарды", - деді баспасөз қызметіндегілер.