Шерхан Мұртазаның жалғыз ұлы қайтыс болды
Алмас Абылай
Фото anatili.kazgazeta.kz
Жазушы Шерхан Мұртазаның жалғыз ұлы Батылжан Шерханұлы қайтыс болды, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Қаралы хабарды Бану Дәулетбаева Facebook-тегі парақшасында жазды. Онда жазушының жалғыз ұлы екеніне тоқталған.
"Шерхан Мұртазаның ұлы қайтыс болды деген хабар жетті. жалғыз ұлы еді. Тұлпардың соңғы тұяғы", - деп жазады ол.
Кейіннен бұл ақпарды Жазушылар Одағында да растады. Онда жаназасы 28 шілде күні Алматыдағы Самал-1 шағын ауданынан шығарылатыны, Кеңсай-2 зиратына жерленетіні айтылады.
Айта кетейік, Қазақстанның халық жазушысы Шерхан Мұртазаның бір ұл, бір қызы бар. Ұлы - Батылжан Шерханұлы, қызы - Алма Шерханқызы.