- Басты жаңалықтар
- Әлем
- Сес көрсету ме? Қытай Ресейдің бір бөлігін өз аумағына қосып алған карта шығарды
Сес көрсету ме? Қытай Ресейдің бір бөлігін өз аумағына қосып алған карта шығарды
Қытай 1964 жылдан бері Ресеймен таласып келген аумақты өз географиялық картасына қосып алған. 2023 жылы шығарылған құжатта тіпті Қытайдың жері деп нақты көрсеткен, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Бұл туралы ресейлік агенттіктер дабыл қақты. РБК-ның жазуынша Қытай билігі 2023 жылы шығарған география картасында Амурдағы Үлкен Уссурий аралын өз аумағы деп көрсеткен.
2008 жылы Мәскеу мен Пекин келісім жасасып, арал екіге бөлінген. Сол кезде сарапшылар бұл келісім Мәскеудің Қытаймен тұрақты қарым-қатынасты нығайтқысы келетіндігінен хабар береді деп айтқан. Қытайдың ресми картасында арал Қытай территориясының шығыс жағындағы ең шеткі нүкте ретінде көрсетілген. Түсіндірме жазбасында "карта Қытай мен әлемнің өзге елдерінің шекарасын белгілеу бойынша ұлттық стандартқа сәйкес әзірленген" деп жазылған.
Үлкен Уссурий аралынан бөлек, Қытай Үндістанның Аруначал-Прадеш штаты мен шекаралас Аксайшың ауданын өз аумағы деп белгілеген. Үндістан сыртқы ісер министрлігі Пекинге наразылық нотасын жіберген. Ресей билігі әзірге картаға реакция білдірмеді.
Үлкен Уссурий аралының аумағы шамамен 340 шаршы шақырым. Ол Хабаровскіге жақын және Уссурий өзенінің сағасына қарсы Амур алқабында орналасқан. Қытай мен Ресей арасында аралға талас 1800-жылдары басталған. Ал 1920–1930 жылдары совет әскері оған "қарауылдарын қойған". Совет одағы құлағаннан кейін 1991 жылы Ресей құрамында қалды. Қытай 1964 жылдан бері аралды даулаған, алайда 2008 жылғы келісімнен кейін аралдың кімге тиесілі екені ресми түрде айтылмады.