Sunday, 24 November,2024

"Шеше де, ана да бір ұғым": Бас муфти Қабылбек ұстаздың аузына құм құйды

Алмас Абылай
Фото Ашық ғаламтордан

Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы желіде қызу талқыға түскен әңгімеге нүкте қойды, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Желіде дауға ұласқан жайт дінтанушы Қабылбек Әліпбайұлының "шеше мен ана" сөзі айырмасын түсіндірген әңгімесі еді. Онда ол "баласын тастап кеткен әйелді "шеше", ал мейірім-шапағатын арнаған келіншекті "ана" деп атайтынына тоқталады.  

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы бұл ҚМДБ пікірі емес екенін мәлімдеді.

"Бұл азаматтың айтқан сөзі жеке өзінің ойы болар. Бірақ біз шеше мен ананы қадір тұтқан, қасиет тұтқан жандармыз. Оны кеңінен насихаттап келе жатырмыз. Бір адамның пікірі ол мүфтияттың пікірі емес. Осыны айқын біліп алуымыз керек. ҚМДБ әкеге қатысты, анаға қатысты көптеген уағыз айтып жүр. Қазақтың кез келген құндылығы біз үшін қасиет саналады. Шеше де, ана да бір ұғым. Шеше де, ана да адамды дүниеге әкелген ең ардақтысы. Біз оны әрқашан құрметтейміз" - деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Бас мүфтидің сөзінше, Қабылбек Әліпбайұлы республикалық ақпараттық насихат тобының мүшесі.

"Біз жақында ғана республикалық және жергілікті ақпараттық насихат тобының тұжырымдамалық құжатын әзірлеп, олардың қолдарына бердік. Уағыз барысында, халыққа дәріс өткізу барысында неге көңіл бөлнуі керек? Құжатта жазылған. Қабылбек ұстаз қазіргі таңда РАНТ мүшесі болып есептеледі. Бірақ қазір сапарда жүр. Ол азаматқа қатысты шешімдер қабылданады" - деді Бас мүфти.

Ұсынылатын