Sunday, 24 November,2024

“Шешкім келді шештім”. Белгілі журналист хиджабты не үшін тастағанын айтты

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Белгілі журналист Перизат Мырзахмет не себепті хиджабты шешкенін айтты, деп хабарлайды Uaqyt.info.

«Мен осы туралы бәленбай рет айттым, бірақ тыңдап жатқан ешкім жоқ. Шешкім келді шештім. Мен сіздердің шындықтарыңызға сәйкес келмегенім үшін, кінәлі емеспін. 2010 жылы Алматыға көшкен кезде менде бәрі жақсы болды. Сосын ой келеді, менде бәрі жақсы, құдайға рахмет айтатын сәт туған шығар деп. Мен жай ғана намаз оқып жүрмедім, әйтпесе жай ғана намаз оқыған кезде оранып, басқа кезде жалаңаш жүре берсем де болатын еді. Перфекционист болған соң, толығымен жамылдым. Мен білмеймін, Құдай солай жазды, шеш деді, шештім болды. Бір жерге барсам, тінтеді, сөйтіп ойлана бастадым», - деді ол Асхат Садырбайға берген сұхбатында.

Ұсынылатын