Thursday, 19 September,2024

Шетел асқан активтерді елге қайтарумен айналысатын комитет құрылады

Алмас Абылай
Фото Ашық ғаламтордан

Елімізде заңсыз иемденілген активтерді кері қайтару ісімен айналысатын комитет құрылады, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Құжат АшықНҚА порталында жарияланды. Онда комитеттің бас прокуратура жанынан құрылатыны көрсетілген.

"Республикалық мемлекеттік мекеме ҚР Бас прокуратурасының Активтерді қайтару жөніндегі комитеті құрылсын. Үкімет Бас прокуратурамен бірлесіп комитеттің тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ететін қажетті шаралар қабылдасын. Заңсыз иемденілген активтерді қайтару мәселелері жөніндегі комиссияның ережесі мен дербес құрамы бекітілсін", - делінген Президент Жарлығының жобасында.

Еске салайық, 12 шілдеде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» заңға қол қойған еді.

Ұсынылатын