Saturday, 23 November,2024

Шетелдік автокөлігін тіркеп үлгермегендерге қандай жаза қарастырылған?

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Ішкі істер министрлігі шетелден әкелген автокөліктерін тіркеп үлгермеген қазақстандықтарға үндеу жасады, деп хабарлайды Uaqyt.info.

«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Қазақстан Республикасына 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін әкелінген шетелдік автокөліктерді заңдастыру өткен жылы қаңтарда қолға алынды. Осы күнге дейін автокөлігін тіркемеген азаматтар, көлігі техникалық және экологиялық талаптарға сәйкес келген жағдайда арнайы төлемдерді жасауы тиіс», - делінген ведомствоның баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Министрлік тіркелмеген көліктерді тізгіндегендер жауапқа тартылатынын жеткізді.

«Шетелдік автокөлік иелеріне белгіленген тәртіпте тіркелмеген автокөліктерді пайдалану үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылатынын еске саламыз», - делінген хабарламада.

Ұсынылатын