Thursday, 14 November,2024

Сібір жарасы: Абай облысындағы ауылда төтенше жағдай жарияланды

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Абай облысының Жетіжар ауылында төтенше жағдай режимі жарияланды, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Абай облысының Бесқарағай ауданына қарасты Жетіжар ауылында төтенше жағдай жарияланды. Сол ауылдың тұрғындарының бірі  сібір жарасын жұқтырды деген күдікке ілінді. Қазіргі таңда ауылға кіреберіс жерге санитарлық пост қойылған және уақытша ауыл шаруашылығы өнімдерін шығаруға тыйым салынған. Әзірге науқас ПТР-тест тапсырды, оның қорытындысы бойынша ауру расталған жоқ.

Ұсынылатын