Синоптиктер Алматыда күн суытып, үсік жүретінін айтты
Алмас Абылай
Фото pixabay
1 сәуірде Алматы тауларында жауын-шашын болып, күн 1-6 градусқа дейін суытады, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Синоптиктердің болжауынша, Алматының таулы аймақтарында түнде үсік жүреді. Желдің екпіні секундына 17-22, кей жерлерде 30 метрге жетіп, қатты жауын-шашын болады. Алматы қалалық ТЖД қала тұрғындары мен қонақтарына таулы аймақтарға бармауға кеңес береді.
“Сонымен қатар, тауда жүрген туристерден барлық қауіпсіздік шараларын сақтауды сұраймыз. Көмек қажет болса, мына телефондарға хабарласыңыз: 112, 109 немесе 8 (727) 372 15 60”, - делінген хабарламада.