Monday, 25 November,2024

“Шіріген жүйе”. Танымал заңгер Шымкент полиция департаментінің бастығына шүйлікті

Uaqyt.info
Фото Коллаж/uaqyt.info

Заңгер Айгүл Орынбек кәсіпкерлерді қанап, заңды белшесінен басып жүрген полицейлердің жұмысына қатысты үндеу тастады. Ол гүл дүкеніне шабуыл жасаған тәртіп сақшысына қатысты қолданылған жазаның тым жұмсақ екеніне наразылық танытқан, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бұл туралы заңгер өзінің Instagram-дағы парақшасында жазды.

“Генерал Қайрат Дәлбеков басқарып отырған уақытта Шымкент полициясының қызметкерлері гүл ұрлауға дейін барған!

Бұл не деген Масқара Министр Марат Ахметжанов?

Айлықтары мен премиялары толық түспеген соң, ұрлық-қарлыққа барды ма екен?

“Айгүл, полициядан басқа жазарың қалмаған ба?” деуші едіңдер, ал енді Шымкент Қаласының Полиция Департаментінің “шірігеніне” енді көздерің жетіп жатыр ма?

Бұл - Шымкент полициясы үшін үйреншікті дүние…

Гүл болмаса, орнына ақша алатын еді.

Полиция қызметкерлері жұмыс істеп тұрған әрбір дүкеннен, тіпті массаж салондарынан да ай сайын өз “үлестерін” миллиондап алып тұрады емес пе?

Шымкент Полициясы Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының басшы құрамдарының өзі - қылмыс ұйымдастырып, тұрақты түрде миллиондап пара алған деп айыпталып, айыппұл төлеп жатқан жоқ па?!

Бұлар әрбір сауда орнына “крышовать” етіп ақша алып еттері үйреніп қалған ғой!

Оған дәлел сұрасаңыздар, менен емес, тікелей бастықтары Қайрат Дәлбековтің өзінен сұраңыздар! “Биылдың өзінде қанша учаскелік полицей ақша алып ұсталды?”, деп!

“Полицей мамыр айында жұмыстан шығарылған” дейді ме?

Не десе де, оқиға 8-мамырда болған. Ал дәл сол кезде, ол - ПОЛИЦИЯНЫҢ қатарына қызмет еткен!

А айтпақшы… Жұмысқа шығару да, оны сол мезет кіргізу де - өздерінің қолында емес пе? Бұйрықты шығаратын - генерал Дәлбеков!

Негізі: Полицейлердіі жұмысқа кіру, шығу бұйрығын ХҚКО-ға (ЦОН) енгізіп қою керек!

Сол кезде “бұрын шығып кеткен”деген “ертегі-әңгімелер” болмайды!

Мені тэгтеп көмек беруімді сұрап жатқан жандардың НАЗАРЫНА: Дүкен иесі Аленамен хабарласып, бүкіл мән-жайды біліп, бұл істе заңгерлік көмегімді ұсындым. Бұл іс - енді менің бақылауымда

Ал… қолына қайшы ұстап, Адам өміріне қауіп төндірген, боқауыз сөздер айтып балағаттаған жандарды - жеті күнге қамаған судья не деген жүрегі “нәзік”және “мейірімді” һәм “жанашыр” еді?

Бұндай бұзақыларға кем дегенде - тағы да қосымша 25 күнге қамақты созып, тағы 40 күн көше сыпырту керек еді ғой?

Шымқаламызды гүлдендіруге пайдасы тиер еді!”, - деп жазды Айгүл Орынбек.

Айта кетейік, Шымкенттегі гүл дүкенінің сатушысын соққыға жығып, бір құшақ гүлді тегін алып кетпек болған полицейдің әрекеті қоғамды қызу талқыланған болатын. Әу баста, атышулы видеодағы ер адамды прокурордың ұлы дегенімен, кейіннен оның учаскелік полицей екені анықталды.

Ұсынылатын