Saturday, 5 October,2024

Сирияда жер сілкінісінен кейін 3 ай бойы үйінді астында жатқан тұрғын тірі табылды

Алмас Абылай
Фото Akhbare_fouri

Сириядағы жойқын жер сілкінісі кезінде үйінді астында қалып кеткен тағы бір тұрғын араға 3 ай салып тірі табылып отыр. Дәрігерлер қазіргі уақытта оның өмірін сақтап қалу үшін күресуде, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Тұрғын 3 ай бойы құтқарушыларды күткен. Абырой болғанда оны үйінді астынан аман есен тауып отыр. Бірақ қатты әлсіреп кеткен екен. Дереу ауруханаға жатқызылған ер адамға алғашқы медициналық жәрдем көрсетілді. Қазіргі уақытта дәрігерлер оны аман алып қалу үшін барын салуда.

Айта кетейік бұған дейін Сириядағы жойқын жер сілкінісі бес мыңнан аса адамның өмірін қиып, мыңдаған ғимаратты қиратқан еді. Ресми мәліметке сүйенсек, 400 мың сириялық жарақат алса, 5,8 мың адам көз жұмған.

Аталмыш ел құтқарушылары үйінді астынан 1,5 мыңнан аса тұрғынды аман алып шықты. Кейін арада бірнеше апта өтісімен ел билігі қирандыларды тазарту жұмыстарына кіріскен. Осылайша 16 мамыр күні, яғни, араға 3 ай уақыт салып қатты әлсіреген тағы бір тұрғын табылып отыр.

Ұсынылатын