Saturday, 23 November,2024

Сіріңкемен ойнаған бала жансақтау бөлімінен бір-ақ шықты

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Алматы облысында бензині бар конистрдің жанында сіріңке жаққан бала тірідей жанып кете жаздады. Денесінің біраз бөлігін күйік шалған ол жансақтау бөліміне түсті, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Облыстық ТЖД мәліметінше, оқыс оқиға 27 мамырда Еңбекшіқазақ ауданындағы Ташкенсаз ауылында болған. 3 жасар бала сіріңкемен ойнап отырып, ішінде бензині бар конистрдің жанында от тұтатқан.

Соның салдарынан жалын лап етіп, бала 2-ші және 3-ші дәрежелі күйік алды. Қазіргі таңда ол орталық аурухананың реанимация бөлімінде жатыр. Мамандар кішкентай балаларды қараусыз қалдыруға болмайтынын ескертеді.

Ұсынылатын