Шіркеу қызметкерлері сыйынуға келген украин сарбазын соққыға жықты
Алмас Абылай
Фото Видеодан кадр
Украинаның батысындағы шіркеулердің бірінде сыйынуға келген сарбазды дін өкілдері соққыға жыққан, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Бейнежазбаны Дмитрий Гордон әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады. Онда шіркеу қызметкерінің сыйынуға келген адамды сабап жатқанын көруге болады. Ол тіпті сарбазды желкелеп сыртқа қуып шығады.
“Мәскеулік поптар Хмельницкийдегі шіркеуде украин сарбазын соққыға жықты. Осылайша сенімді жоғалтып отыр”, - деп жазды Дмитрий Городон.
Шіркеу қызметкерінің бұл әрекетін жұрт қатты сынға алған. Желі қолданушылары “Не жасаса да қасиетті орында поптың қол көтергені дұрыс емес” - деп қызу талқылап жатыр.