Saturday, 23 November,2024

Сиви Махмуди ажырасқан еркекке тұрмысқа шыққысы келетінін айтты

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Танымал әнші Сиви Махмуди 12 жыл бірге тұрған күйеуімен ажырасқаннан кейін жаңа өмір бастағысы келетінін жеткізді. Бұл туралы әнші "Қызықты weekend" бағдарламасына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Uaqyt.info.

"Үлкен ұлым мен жыласам, қосылып жылайды. Мені уайымдайды. "Мама, отырып қалма. Тұрмысқа шық" дейді. Тағы бір ұлым мен бір қызым болса деймін. Тұрмысқа шықсам деймін. Жалғыздық Құдайға ғана жарасқан. Жүрсең, жүре бересің. Ажырасқаныма да үш болып қалды. Біздің айтқанымыз келе бермейді, Алланың қолында. Әзірге, өзімді сеніп тапсыра алатын ер-азаматты кездестірмедім. Кездестірсем, міндетті түрде тұрмысқа шығамын. Өзіме тағдырлас, ажырасқан жігітке тұрмысқа шыққым келеді", - деді Сиви Махмуди.

Uaqyt.info бұған дейін әншінің омырауына операция жасатқаны туралы жазған болатын.

 

 

Ұсынылатын