Смайыловқа екінші мүмкіндік бердік – Мақсат Толықбай
Мәжіліс депуаты Мақсат Толықбай екінші мәрте Премьер-Министр болып сайланған Әлихан Сайыловқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Мақсат Толықбайдың айтуынша, Премьер-Министрдің кандидатурасына қатысты фракцияда үлкен талас-тартыс болған. Алайда, соған қарамастан Әлихан Смайылов бұрынғы қызметіне қайта кірісті. Депутат Үкімет басшысына бұл берілген екінші мүмкіндік дейді. Егер ол өзіне артылған міндеттерді дұрыс атқара алмаса, мәселе басқаша шешілмек.
“Мен қалыс қалғандардың бірімін. Өйткені фракцияның ішінде қызу талқылау болды. Қоғамның көңіл-күйін барлығыз жақсы білесіз. Сын көп. Бірақ ол бір мүмкіндік сұрап отыр. Бір-ақ жыл жұмыс істедім дейді. Мұны енді премьер-министрге берілген мүмкіндік деп қабылдау керек. Енді бұлармен біз қатты сөйлесеміз. Әр квартал сайын ол бізге есеп беруі керек. Күзге дейін уақыт бар. Көрейік қалай болатынын”, - деді Мақсат Толықбай.