“Соғыс болып жатыр ма?” Мақпал Жүнісова жолды жапқандарға ашуын төкті
Қарағанды облысында сапарлап жүрген әнші жолда қалғанын айтып әлеуметтік желіде жазба жариялады. Ол ауа райының ашықтығына қарамастан жолды жауып тастағандарды сынға алған, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Өз наразылығын Мақпал Жүнісова Instagram-дағы парақшасында жариялады.
“Құрметті Астана қаласының әкімі, Қарағанды облысының әкімі, кім жауып отыр жолды? Трассаны неге жауып қойдыңыздар? Боран жоқ. Жүзден аса көлік бекеттен шыға алмай тұрмыз. Мұны кім жасап отыр? Боран болса, менің де өз өмірім өзіме қымбат. Мен сағат 13:00-ге құранға шақырып қойып едім халықты. Мен енді неге шыға алмаймын сонда? Ауа райы деген ашық, үп еткен жел жоқ. Постқа омонды қойыпсыздар. Олар неменеге тұр? Соғыс болып жатыр ма?”, - деді Мақпал Жүсінова.