- Басты жаңалықтар
- Саясат
- "Сол кештегі әрекет асығыстық болды". Депутат Ермұрат Бапи мұнайшыларды қамауға алған билікті сынға алды
"Сол кештегі әрекет асығыстық болды". Депутат Ермұрат Бапи мұнайшыларды қамауға алған билікті сынға алды
Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи Астанаға әділдік іздеп барған Жаңаөзендік мұнайшыларды қамау мәселесіне пікір білдірді. Ол дәл сол кештегі әрекет биліктің ең асығыс шешімі дегенді алға тартқан, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Мәжілісменнің ойын Ахметбек Нұрсила Facebook-тегі парақшасында салды. Бейнежазбаға аяқ асты депутатпен дастархандас болып отырғанда көкейдегі сауалына жауап екенін жазған. Яғни, видеода ол Ермұрат Бапидан Астанаға жиналған жұмысшылармен кездескен сәтін, не туралы сөйлескендерін және оларды кешқұрым ұстап алып кету қаншалықты дұрыс-бұрысын сұраған. Жауап мынадай:
"Бізді мұнайшылармен кездесуге ешкім жібермеді. Үш жігіт болып өз ауыздарынан естиік мәселелерін деп бардық. Бірақ бізде депутаттық мандаттан басқа құзыр жоқ қой. Кейін әлеуметтік желіде неше түрлі әңгіме тарап жатыр "олар ештеңе шешпеді" дегендей. Депутат не шешеді? Бізде жұмысшылар талабын билікке жеткізейік деген ой ғана болды. Одан басқа ештеңе жоқ. Десе де оларды тым-тырақай қылатындай қажеттілік болмады. Мәмілеге шақырсын, тыңдасын. Бірақ дәл сол кештегі әрекет асығыстық болды. Жағдайды осылай шеше берудің де шегі болады. Ертең дәл осылай жалғасса үлкен толқуларға соғуы мүмкін. Бұл ескі Қазақстаннан қалған тәртіп қой. Қазақты еңкейтіп қойып, күшпен бағамдаудың амалы. Қазір қоғам оянған. Сенің даңғойлығыңа мойынсұнбайды. Сондықтан бұл мәселені қайта қарайтын уақыт келді. Мұны билік мойындау керек", - дейді мәжіліс депутаты.