Saturday, 23 November,2024

"Сол күндер үшін қатты өкінемін". Әнші Айдана Меденова хиджап мәселесіне үндеу жасады

Алмас Абылай
Фото ашық ғаламтордан

Әнші Айдана Меденова қоғамдағы өзекті сұрақтардың біріне бейнеүндеу жасады. Ол өзінің неліктен оранып кеткенін түсіндірген, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бейнеүндеуді әнші әлеуметтік парақшасында жариялады. Видеода ол өткен күндерге өкінетінін, хиджап кигеніне шүкіршілік ететінін айтады. Тіпті ойы түпкілікті өзгергеніне де тоқталған.

"5 жасымнан ән салып сахнада жүрдім. Сол себепті өзімнің болашағымды тек әнші ретінде елестететінмін. Бірақ жастайымнан ойымда "не үшін өмірге келдік, миссиямыз қандай, бұның бәрі не үшін керек" деген сауалдарға жауап іздейтінмін. Басыма орамалды бір сәтте немесе біреуге еліктегеннен таға салған жоқпын. Бірақ желідегі жұрт мені бұныңыз арабизм деп кінәлап жатады. 15 жасымда анамнан айырылдым. Сол кезде атеист болып кете жаздадым. Ерте айырылғаннан кейін ерте есейдім. Осылайша мақсаттарыма жете бастадым. Бірақ Алламен байланысым бар екенін сезетінмін. Қазір сол өткен күндер үшін қатты өкінемін. Менің ойым өзгерді", - дейді әнші.

Желідегі жұрт оның бұл мәлімдемесіне түрлі пікір қалдырған. Бірі қолдайтынын айтса, енді өзгелері сынға алған.

@aidanamedenovaa КӨПТІ МАЗАЛАҒАН СҰРАҚТАРҒА МЕНІҢ ЖАУАБЫМ. Жалғасы бар…. Сіздерге ұнап жатса,комментарии қалдырып, маған қолдау көрсетіңіздер!#aidanamedenova #айданамеденова #хиджаб #рекомендации #fyp ♬ оригинальный звук - ✨Aidana Medenova✨

Ұсынылатын