Сомалидегі жарылыстан 27 адам қаза тапты
Uaqyt.info

Сомалиде бомба жарылып, 27 адам қаза тапты. Тағы 53 адам түрлі дене жарақатын алған, деп хабарлайды Uaqyt.info.
CNN хабарлауынша, Шабелле ауданында бұрыннан қалған бомбаның қалдықтары жарылған. Соның салдарынан кем дегенде 27 адам көз жұмды. Қаза тапқандардың арасында балалар да бар. Қазір жарылысқа қатысты ел билігі тергеу амалдарын басталғанын хабарлады.