Saturday, 18 May,2024

Соңғы айқас. Жалғас Жұмағұлов UFC-дегі соңғы жекпе-жегін өткізеді

Uaqyt.info
Фото ©instagram.com/zhumagulov_zhalgas

Қазақстандық файтер Жалғас Жұмағұлов UFC-дегі соңғы айқасын бразилиялық Рафаэль Эстевамға қарсы өткізетін болды. Жекпе-жек 6 мамырда АҚШ-тың Ньюарк қаласында өтеді, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Кәсіби мансабында 14 жекпе-жек өткізіп, соның 8-де жеңіліс тапқан Жалғас Жұмағұлов жеңіліс көрмеген бразиялиялық Рафаэль Эстевамға қарсы октогонға шығады. Айқас 6 мамырға жоспарланған. UFC 288 турнирі қазақстандық спортшы үшін промоушенмен келісімшарт бойынша соңғы айқас екенін айта кетейік.

Vesti.kz жазуынша, Жұмағұлов әу баста америкалық Натан Манесспен (14-3) айқасуы керек боғлан, бірақ ол жарақат алып қалуына байланысты жекпе-жектен бас тартты.

Ұсынылатын