Соңғы қоңырау: Петропавлда мектеп оқушысы суицид жасады
Uaqyt.info
Фото pixabay
Петропавлда 9-шы сыныптың қызы өз-өзіне қол салды. Ол биік ғимараттан секіріп кеткен, деп хабарлайды Uaqyt.info.
КТК телеарнасының хабарлауынша, 9-шы сыныптың оқушысы соңғы қоңыраудың алдында өз-өзіне қол салған. Қайғылы оқиға 31 мамырда болыпты. 15 жастағы қыз мектептен шыққаннан кейін суицид жасаған. Әзірге оның бұл қадамға не үшін барғаны белгісіз. Ұстаздарының айтуынша, Арина мектептен көңілді шыққан.