Monday, 25 November,2024

"Соңғысы қатты өтіп кетті": Бекболат Тілеухан жала жапқандардың сөзін құран ұстап жоққа шығарды

Алмас Абылай
Фото Видеодан кадр

Бекболат Тілеухан өзіне жала жапқандардың сөзін мүлде шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді. Тіпті ол өзін ақтау үшін қолына құран ұстап ант берді, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Құранмен ант ішкен бейнежазбасын Бекболат Тілеухан әлеуметтік парақшасында жариялады. Онда қаншама жала жабылған сөздердің бәрі жалған екенін айтады.

"Соңғы қажылыққа байланысты сөз қатты батып кетті. Мен ешқандай Кәусәр деген компанияны да, әлгі азаматты да танымаймын. Қолыма өзімнің құранымды ұстап ант ішемін. Әрі бұған дейінгі Сирияға адам жіберді, шетелден ақша алады деген сияқты алып-қашпа әңгімелердің бәрі де өтірік", - дейді ол бейнежазбада.

Желідегі жұрт бұл бейнежазбаға түрлі пікір қалдыруда.

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

A post shared by UAQYT.INFO (@uaqyt.info)

Ұсынылатын