Saturday, 23 November,2024

Шораев жеңіске жетті: Қазақстанда Лепстің концерті өтпейтін болды

Uaqyt.info
Фото Коллаж/uaqyt.info

Ресейлік әнші Григорий Лепстің Қонаевтағы концерті өтпейтін болды. Бұған дейін белгілі қойғам қайраткері Арман Шораев концертке кедергі келтірген кез келген адамға 1 миллион теңге сыйақы тағайындаған болатын, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Осы мәселеге қатысты Uaqyt.info тілшісі Арман Шораевқа хабарласты. Қоғам қайраткері концерттің өтпейтінін, ал 1 миллион теңгені қайырымдылыққа жұмсайтынын жеткізді. Оның айтуынша, казино басшылығы қоғамның наразылығынан кейін концерттен бас тартқан.

Григорий Лепстің концерті өтпейтін болды. Менің жазбамнан кейін көптеген адам наразылық білдірді. Соның нәтижесінде казино басшылығының өзі концерттен бас тартты. Бір сөзбен айтқанда, сондай қадам жасауға біз мәжбүрледік. Азаматтық қоғамның арқасында осындай нәтижеге қол жеткіздік. Әу баста концертке кедергі келтіретін кез келген адамға 1 миллион теңге беремін деп айтқанмын. Енді ол ақшаны қайырымдылыққа жіберемін. Семейдегі зардап шеккендерге көмегіміз тисін, - деді Арман Шораев.

 

 

 

 

 

Ұсынылатын