- Басты жаңалықтар
- Қоғам
- "Шошқа дәрісі..." Түркістан облысында шаруа бір күнде үш жүзден астам қойынан айырылып қалды
"Шошқа дәрісі..." Түркістан облысында шаруа бір күнде үш жүзден астам қойынан айырылып қалды
Түркістан облысында шаруа бір күнде 320 малынан айырылды. Болжам бойынша ол қойларына шошқа дәрісін салған, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Түркістандық шаруа Самат Қадыровтың жағдайын Отырар сайты жазды. Дерекке сүйенсек, ол малынан диарея ауруын байқап, кейін ветеринарлық дәріханадан сатушының кеңесі бойынша дәрі-дәрмек сатып алыпты. Дәрі қабылдағаннан кейін жануарлар жаппай өле бастаған.
"Фармацевт ұнтақ дәрі арзан шығады деп айтты. Препаратты 10 литр суға ерітіп, малға 5-10 грамнан беру керек деді. Солай жасадым. Бірақ одан сайын жаман болып кетті. Кешкі сағат 10-нан кейін сұмдық жағдай орын алды. 320 мал өлді", – дейді фермер.
Шаруа миллион теңгеге шығын келгенін айтуда. Осылайша ол ветеринарларға және полицияға жүгінді. Әзірге оған көмек көрсетілмеген. Оқиғадан кейін фермерге көпшілігі бұл шошқаның дәрісі екенін айтқан. Ветеринарлық дәріханада бұл оқиғаға қатысты түсініктеме берілмеді. Зертханада өлекселерді зерттеген мамандар бірінші ветеринарға барып, содан кейін ғана дәрі-дәрмектер сатып алу керек дейді.
"Фермер бұл препаратты өз есебінен тәуелсіз зертханаға зерттеуге жібере алады. Біз өз тарапымыздан сараптамаға жібердік. Нәтиже тоғыз күнде дайын болады", – деп түсіндірді Түркістан облысының ветеринария қызметі бастығының орынбасары Алмет Оразбеков.