Friday, 22 November,2024

Сот арқылы банкроттық бойынша 4 аптада тек бір адамға ғана оң шешім шыққан

Алмас Абылай
Фото pixabay

Елімізде банкроттыққа өтініш қабылдау басталған 3 наурыздан бері сот арқылы жүгінген бір адамның ғана арызы қанағаттандырылған, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Қазақстанда 3 наурыздан бері сот арқылы банкроттыққа қанша адамның арызданғанғанын мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады. Дерекке сүйенсек, 4 аптада 139 тұлға сот арқылы банкроттық бойынша арызданған.

"Жоғарғы Соттың мәліметтеріне сәйкес бүгінгі күні төлем қабілеттілігін қалпына келтіру немесе сот арқылы банкроттық рәсімін қолдану бойынша арызбен 139 тұлға жүгінді. Рәсімді қолдану бойынша ұйғарым 1 азаматқа қатысты ғана шығарылды", - делінген ақпаратта.

Сонымен қатар комитет мәліметінде 84 арыздың кері қайтарылғаны жазылған.

Ұсынылатын