Friday, 22 November,2024

Сот есі дұрыс емес деп таныды: Петропавлда 8 жасар қызды қорлаған педофил жазадан құтылып кетті

Алмас Абылай
Фото Закон

Петропавлда 8 жасар қызды қорлады деген күдікпен ұсталған педофил жазадан құтылып кетті. Сот оны есі дұрыс емес деп таныды, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Закон.кз сайтының жазуынша, қылмыс өткен жылдың шілде айында Петропавлдағы Подгора шағын ауданында болған. Сегіз жасар қыз түстен кейін қаланың орталық магистральдарының бірінде орналасқан үйінің жанында көшеге ойнауға шығады. Сол маңда ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталған 27 жастағы Алексей Малченко жүрген екен. Ол жазасының өтеу мерзімі аяқталуға жақын қалғанда қоғамдық жұмысқа тартылып, сол төңіректе жұмыс істеген.

Осылайша ер адам әлгі кішкентай қызды байқап қалып, бірден бас салады. Әрі арам пиғылын сол маңда жасайды. Кейіннен педофил бірден ұсталды.

Енді сот оған жаза кесудің орнына есі дұрыс емес деген шешім шығарып отыр. Нәтижесінде ол қылмыстық жауаптылықтан босатылған.

"Сот Алексей Иванович Мальченконы есінен адасып қалуына байланысты заңмен тыйым салынған қоғамдық қауіпті әрекеттерді жасағаны үшін қылмыстық жауаптылықтан босату туралы шешім қабылдады", – деді Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың судьясы Еран Нұршарыпов.

Сот  Мальченкоға қатаң бақыланатын мамандандырылған типтегі психиатриялық стационарда емдеу түрінде медициналық сипаттағы шараларды тағайындады. Сонымен қатар жәбірленуші тарапқа берілетін өтемақы туралы азаматтық талапты қанағаттандырудан бас тартты. Өйткені Малченконың есі дұрыс емес күйде болған.

Ұсынылатын