Saturday, 23 November,2024

Сот саласында жүрген хатшы, кеңсе қызметкерлерінің айлығы қашан көтеріледі?

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Осы мәселені мәжіліс депутаты Мақсат Толықбай көтерді. Оның айтуынша, судьялар жалақыны жақсы алғанымен, қарапайым кеңсе қызметкерлері, хатшылар мардымсыз ақшаға жұмыс істеуге мәжбүр, деп хабарлайды Uaqyt.info.

“Судьялардың жалақысы жаман емес. Бірақ, мұқым қара жұмысты істейтін, ұйқы көрмейтін, жұмысы мазасыз, айлығы мардымсыз сот саласында жүрген қарапайым кеңсе қызметкерлері тағы да елеусіз қалды. Бұл да мыңдаған маманның мәселесі. Назардан тыс қалдыруға болмайды.

“ҚР сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі туралы” заң жобасына енетін өзгерістерді талқыладық.

Судьялардың тәуелсіздігі мен жауапкершілігін арттыруды көздейтін жақсы нормалар бар. Алдағы уақытта тарқатып жазамын. Келіспейтін тұстар да жоқ емес. Комитеттің атынан өз ұсынысымызды бердік.

Расында “Әділетті Қазақстан” құрамыз десек сот жүйесін түбегейлі реформалауымыз керек’, - деді Мақсат Толықбай.

Ұсынылатын