Friday, 22 November,2024

Шотландияда жүргізушісі жоқ автобустар қатынай бастады

Uaqyt.info
Фото BBC

Шотландияда адамның көмегінсіз өздігінен жүретін автобустар пайда болды. Жүргізушісі жоқ қоғамдық көліктер Шотландия астанасы Эдинбург пен Файф округі арасында жолаушыларды тасымалдайды, деп хабарлайды Uaqyt.info.

BBC басылымының жазуынша, мұндай автобустар аптасына 10 мың адамды тасымалдайды. Компьютердің көмегімен жүретін көліктер сағатына 75 шақырым жылдамдықпен жүреді. Stagecoach компаниясы құрастырып шығарған қоғамдық көлік жүргізушісі жоқ болғанымен, онда екі адам арнайы бекітілген. Оның бірі билет тексеріп, жолаушыларды отырғызса, екіншісі қандай да бір ақау пайда болғанда, капитан қызметін атқарады.

Ұсынылатын